06 қараша 2020 09:17

Байден АҚШ президент сайлауындағы жеңісіне күмән келтірмейтінін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

АҚШ президенттігіне Демократиялық партия атынан үміткер Джо Байден дауыстарды санау нәтижесі бойынша сайлауда жеңіске жететініне күмәнданбайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


АҚШ президенттігіне Демократиялық партия атынан үміткер Джо Байден дауыстарды санау нәтижесі бойынша сайлауда жеңіске жететініне күмәнданбайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Байден "Америкада дауыс беру кезі қасиетті" екенін айтты. Ол барлық америкалықты сабырға шақырды.

"Сондықтан мен бәрін сабырға шақырамын. Барлық адамды. Процесс жүріп жатыр. Санау аяқталуға жақын", - деді Байден.

Джо Байден сайлауда берілген әрбір дауысты санау керегін және оны қамтамасыз етуге тырысатынын атап өтті.

"Әр дауысты ескеру керек. Біз мұны қамтамасыз етеміз. Осылай болуы да керек. Санау аяқталған кезде сенатор (вице-президенттікке кандидат, Камала) Харрис екеуміз жеңімпаз ретінде жарияланатынымызға күмәніміз жоқ", - деді бұрынғы вице-президент теледидарда айтқан үндеуінде.

Еске салайық, сейсенбіде АҚШ-та президент сайлауы өтті, республикашыл Дональд Трамп пен демократ Джо Байден Ақ үйдің басшысы болуға үміткер. Бірқатар штатта дауыс беру нәтижелері әлі белгісіз. Ал Трамп сәрсенбіге қараған түні өзінің жеңетінін мәлімдеді және демократтарды "сайлауды ұрлауға" тырысты деп айыптады. Америкалық жетекші телеарналардың есептеулеріне сәйкес, әзірше Джо Байден көш бастап тұр.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети