Байден "дельта" штамына қатысты мәлімдеме жасады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Байден "дельта" штамына қатысты мәлімдеме жасады ©REUTERS

АҚШ президенті Джо Байден әлі COVID-19-ға қарсы екпе салдырмаған америкалықтарды коронавирустың жұқпалы және қауіпті "дельта" штамынан қорғану үшін вакцина алуға шақырды, - деп хабарлайды Reuters.

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ президенті Джо Байден әлі COVID-19-ға қарсы екпе салдырмаған америкалықтарды коронавирустың жұқпалы және қауіпті "дельта" штамынан қорғану үшін вакцина алуға шақырды, - деп хабарлайды Reuters.

Америкалық көшбасшы өз мәлімдемесінде елдің бірқатар штатында тіркелген деректердің жартысына коронавирустың "дельта" штамы себеп болғанын айтты.

"Миллиондаған америкалық әлі күнге дейін вакцина алмаған немесе қорғалмаған. Осыған байланысты оларға қауіп төніп тұр. Достарына, оларға қамқорлық жасайтын адамдарға қауіп төніп тұр. Бұл "дельта" штамының таралуына байланысты күрделі мәселеге айналды", - деді ол.

Байденнің айтуынша, вакцина алмағандар арасында инфекцияның одан әрі өршуіне жол бермеу үшін Төтенше жағдайлар федерал агенттігінің, АҚШ-тың Ауруларды бақылау және алдын алу орталықтары және басқа да агенттік сарапшылары басқаратын COVID-19-ға қарсы жедел әрекет ету топтары жұмылған.

"Бұл командалар штаттардағы нақты мәселелерді шешуге көмектеседі, жаңа штамның таралуын болдырмайды, анықтайды және соған жауап береді", - деді президент.

Саясаткер тілшілерге айтқан сөзінде халықты барлық қауіпсіздік шарасын сақтауға шақырды.

"Қазір тыныштала алмаймыз", - деп ескертті Байден.

Бұған дейін ДДСҰ Үндістанда табылған коронавиус мутациясы жаһандық деңгейде "алаңдаушылық" тудырды деген болатын. ДДСҰ өкілі мутацияланған инфекция бастапқы SARS-CoV-2 штамына қарағанда тезірек таралатынын атап өтті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 514.89  course up  600.31  course up  6.73  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети