1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Жаһан

Үндістанда коронавирустың жаңа штамы анықталғаны хабарланды 21 маусым 2021, 09:06

Үндістанның Махараштра штатында "дельта плюс" (B. 1.617.2.1) деп аталатын коронавирус штамының жаңа түрін жұқтырудың 20 жағдайы тіркелгені белгілі
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

© РИА Новости © РИА Новости

Үндістанның Махараштра штатында "дельта плюс" (B. 1.617.2.1) деп аталатын коронавирус штамының жаңа түрін жұқтырудың 20 жағдайы тіркелгені белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

India TV эфирінде коронавирустың жаңа мутациясы пайда болуы туралы медициналық білім беру және зерттеулер бөлімінің басшысы доктор Лахан мәлімдеді.

"Біз "дельта плюсты" Нави-Мумбай, Палгарда және Ратнагириден анықтап отырмыз. Осыдан кейін біз талдауға тағы бір үлгілерді жібердік, енді есептерді күтеміз", - деді ол.

Ратнагири портында жаңа штамм жұқтырудың бес жағдайы тіркелді, ал жұқтырған екі адамда ешқандай белгі байқалмаған. Коронавирустың таралуын болдырмау үшін билік мутация табылған жерлерді оқшаулау аймақтарын құрып, бұғаттауды ұйғарған.

17 маусымда Үндістанның Мадхья-Прадеш штатындағы Индор қаласында COVID-19-дан аман қалған 34 жастағы науқасқа саңырауқұлақ ауруы - "жасыл зең" диагнозы қойылға еді.

Бұған дейін үнді дәрігерлері коронавирустан аман қалған адамдарда "қара зең" (мукормикоз) ауруын тіркеген. Саңырауқұлақ ауруына шалдыққан мыңдаған адамға дәрігерлер екі немесе бір көзді алып тастауға мәжбүр болды деп хабарланды. Содан кейін "қара зең" эпидемиясы аясында қауіпті "ақ зең" пайда болды. Кейінірек Үндістандағы науқастарда COVID-19-дан кейін көгерудің үшінші түрін анықталды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!