17 маусым 2021 18:14

Үндістанда "жасыл зең" ауруының алғашқы жағдайы тіркелді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ©REUTERS Фото: ©REUTERS

Үндістанда "жасыл зең" ауруының алғашқы жағдайы анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі The Times of India басылымына сілтеме жасап.


Үндістанда "жасыл зең" ауруының алғашқы жағдайы анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі The Times of India басылымына сілтеме жасап.

Үндістанның Индордағы Мадхья-Прадеш штатында COVID-19-дан емделіп шыққан 34 жастағы науқасқа саңырауқұлақ инфекциясын жұқтырды деген диагноз қойылды. Бұл туралы Шри Ауробиндо медициналық ғылымдар институтының докторы Рави Дози айтты.

"Науқастың өкпесінде жасыл саңырауқұлақ түріндегі инфекция (Aspergillus тұқымдас саңырауқұлақ) анықталды. Бұл елдегі алғашқы жағдайы", - деді дәрігер.

Жасыл саңырауқұлақтар - бұл аспергиллез, Aspergillus-ты тудыратын инфекция. Ол - үйде және ашық ауада кең таралған зеңнің бір түрі. Ең көп таралған формасы - бұл аспергиллома және өкпенің инвазивті аспергиллезі.

AIIMS директоры Рандип Гулерия мукормикозды түсі бойынша емес, аты бойынша анықтаған дұрыс деп мәлімдеді.

"Бір саңырауқұлақты әртүрлі түспен атау шатастырады. Мукормикоздың COVID-19-дан айырмашылығы жұқпалы ауру емес. Мукормикозды жұқтырған науқастардың шамамен 90-95 пайызы диабетпен ауыратындар немесе стероидтер қабылдайтындар", - деп түсіндірді Гулерия.

Дәрігерлердің айтуынша, коронавирустан емделіп шыққан және басқа науқастардағы "жасыл зең" әртүрлі екенін білу үшін қосымша зерттеулер қажет.

Еске салайық, Үндістанда COVID-19-дан емедліп шыққан адамдар арасында "қара зең" (мукормикоз) ауруы тараған еді. Дәрігелер ауруға шалдыққан мыңдаған адамның екі немесе бір көзін алып тастауға мәжбүр болған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети