27 қаңтар 2021 10:08

Байден Путинге қоңырау шалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Reuters © Reuters

26 қаңтарда Ресей президенті Владимир Путин мен АҚШ президенті Джозеф Байден телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Кремль баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


26 қаңтарда Ресей президенті Владимир Путин мен АҚШ президенті Джозеф Байден телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Кремль баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Путин Байденді АҚШ президенті ретіндегі қызметінің басталуымен құттықтады. Ол Ресей мен АҚШ арасындағы қатынасты қалыпқа келтіру қос елдің, әлемдегі қауіпсіздік пен тұрақтылықты сақтау үшін ерекше жауапкершілігі барын ескере отырып, бүкіл халықаралық қауымдастықтың мүддесі екенін атап өтті.

"Екі ел президентті стратегиялық шабуыл қару-жарақтары туралы шартты ұзарту жөніндегі уағдаластыққа қол жеткізу мақсатында бүгін дипломатиялық ноталар алмасуға ризашылығын білірді. Жақын күндері екі тарап зымыран-ядролық арсеналдарды өзара шектеудің маңызды халықаралық-құқықтық тетігінің одан әрі жалғасуын қамтамасыз ететін барлық қажетті рәсімдерді аяқтайды.

Екіжақты және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланды. Коронавирус пандемиясы сияқты өткір проблемамен күресте, сондай-ақ сауда-экономикалық салаларды қоса алғанда, басқа да салалардағы ынтымақтастық мүмкіндіктері қарастырылды.

Халықаралық тақырыпты қарастыру барысында АҚШ-тың ашық аспан шартынан біржақты шығуы, Иранның ядролық бағдарламасы бойынша бірлескен кешенді іс-қимыл жоспарын сақтау мәселелері, украина жағдайын реттеу, сондай-ақ Ресейдің БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшелерінің саммитін өткізу туралы бастамасы қозғалды.

Жалпы, Ресей мен АҚШ басшылары ашық және іскерлік әңгіме жүргізді. Екі ел қатынастарын қолдау туралы келісілді",-деп хабарлайды Ресей президентінің баспасөз қызметі.

Ақ үй өкілі Джен Псаки президенттердің әңгімесі америкалық лидердің бастамасымен болғанын айтты. Тараптар СНВ-3 стратегиялық шартының мерзімін ұзартуды және екі ел қарым-қатынасындағы проблемаларды талқылады.

Псакидің айтуынша, телефон арқылы сөйлескен кезде Байден "Ресейдің зиян әрекеттеріне жауап ретінде Америка Құрама Штаттары өзінің ұлттық мүдделерін қорғауға әрекет ететінін анық көрсеткен".

Байден президенттік өкілеттігін қабылдағаннан кейін алғаш рет телефон арқылы Ресей басшылығымен сөйлесті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети