31 қаңтар 2022 09:41

Байден "Талибан" үкіметін мойындаудың шартын атады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ президенті Джо Байден "Талибан" (Қазақстанда қозғалысқа тыйым салынған) үкіметін мойындаудың шартын атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақ үйдің сайтына сілтеме жасап.


АҚШ президенті Джо Байден "Талибан" (Қазақстанда қозғалысқа тыйым салынған) үкіметін мойындаудың шартын атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақ үйдің сайтына сілтеме жасап.

Байден "Талибаннан" 2020 жылы Ауғанстанда тұтқынға алынған АҚШ әскери-теңіз күштерінің ардагері Марк Фрерихсті босатуды талап етті. Осыдан кейін ғана "Талибан" билігін заңдастыру туралы талқылау басталуы мүмкін екенін айтты.

"Талибан" үкіметі өзін мойындатып, заңдастыру үшін Маркты дереу босатуы керек. Оны босатпаса келіссөз жүргізілмейді", - деді Байден.

Фрерихс 2020 жылдың ақпан айының басында Кабулда жоғалып кеткен. Ол Ауғанстанда инженер-құрылысшы болып он жыл тұрды.

Байденнің айтуынша, Иллинойс штатының тумасы Фрерихстің отбасы оның қауіпсіздігі үшін дұға етіп, қайда, қандай жағдайды жүргенін білмей, қайтып оралуын аңсаған екі азапты жылды бастан кешірді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети