Байденді ұлықтау рәсімін қайда және қашан көруге болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Байденді ұлықтау рәсімін қайда және қашан көруге болады? ©REUTERS

20 қаңтарда АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Джо Байденнің инаугурациясы өтеді. Байденді ресми ұлықтау рәсімін қайдан және қашан көруге болатыны туралы Tengrinews.kz материалында.

ПОДЕЛИТЬСЯ

20 қаңтарда АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Джо Байденнің инаугурациясы өтеді. Байденді ресми ұлықтау рәсімін қайдан және қашан көруге болатыны туралы Tengrinews.kz материалында.

Жалғасы

РИА Новости мәліметі бойынша Байденді ұлықтау және оның қатысуымен өтетін іс-шаралар жоспары:

8.45-те (Нұр-Сұлтан уақытымен 19.45) Байден әйелі Джилл, жаңадан сайланған вице-президент Камал Харрис және оның жұбайымен Вашингтон Әулие Матфей католик соборына барады;

10.30-да (Нұр-Сұлтан уақытымен 21.30) Байден Харриспен бірге АҚШ Капитолийіне келеді және 11.15-те сол жерде Харристың ант беру рәсімі өтеді;

12.00-де (Нұр-Сұлтан уақытымен 23.00) ұлықтау рәсімі аясында Байден ант беріп, Капитолий баспалдақтарында бағдарламалық үндеу жасайды;

13.40-та (Нұр-Сұлтан уақытымен 00.40) қазіргі президент Байден мен вице-президент Харрис шағын әскери шеруге қатысады;

14.25-те (Нұр-Сұлтан уақытымен 01.25) Байден Арлингтон зиратында Белгісіз солдат бейітіне гүл шоқтарын қояды;

15.15-те (Нұр-Сұлтан уақытымен 02.15) әскери күштер Байденді президент резиденциясы - Ақ үйге салтанытты түрде шығарып салады;

17.15-те (Нұр-Сұлтан уақытымен 4.15) Байден бірқатар атқарушы жарлықтарға қол қояды, жарты сағаттан кейін жаңа қызметтегілердің анттын қабылдайды;

20.48-де (Нұр-Сұлтан уақытымен 7.48) Байден мен Харрис жұбайларымен бірге мерекелік бағдарламаға қатысып, сөз сөйлейді. Ал 21.55-те (Нұр-Сұлтан уақытымен 8.55-те) екі отбасы Ақ үй алдына шығыды.


© REUTERS / Brandon Bell

Отставкаға шыққан Дональд Трамп Джо Байденнің инаугурациясынан басталмастан төрт сағат бұрын Вашингтоннан кетеді. Трамп пен бірінші ханым Мелания Трамп таңғы 8-де Флоридаға шығады, ал инаугурация түске жоспарланған.

Трамп бұған дейін рәсімге қатыспайтынын айтқан.


© REUTERS/Carlos Barria

Трансляцияны қайдан көруге болады? 

Ұлықтау рәсімі америкалық ірі телеарналардың барлығында көрсетіледі.

YouTube-тен де көруге болады.

NBC News те ұлықтау рәсімін көрсетеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети