20 қаңтар 2021 19:40

Дональд Трамп Ақ үйден кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Reuters © Reuters

АҚШ-тың 45-ші президенті Дональд Трамп әйелі Мелания Трамппен сайланған президент Джо Байденнің ұлықтау рәсімінің алдында Ақ үйден кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


АҚШ-тың 45-ші президенті Дональд Трамп әйелі Мелания Трамппен сайланған президент Джо Байденнің ұлықтау рәсімінің алдында Ақ үйден кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Америкалық телеарналар шара кезінде трансляция жасады. 


© Reuters

РИА Новости мәліметінше, Дональ Трамп пен әйелі Ақ үйдің алдында тұрған ұшаққа отырып, кетіп қалған. 

Трамп Эндрюс әуебазасына бара жатыр, артынша ол әйелімен Флорида штатындағы Палм-Бичке барады. Бұған дейін БАҚ-та Трамп сол жерде қалатыны айтылған. 

Флоридада Трамптың Мар-а-Лаго резиденциясы орналасқан. Трамп президент кезінде демалыс және мереке күндері уақытын сол жерде өткізіп, дүние жүзінің басшыларын қабылдаған. 

Ал жаңа президентті ұлықтау рәсімі астана уақыты бойынша сағат 19.45-ке жоспарланған. Ресми шараның кестесін мына жерден көруге болады. 

Байденді ұлықтау рәсімін қайда және қашан көруге болады?

Еске салайық, 3 қарашада басталған сайлаудың қорытындысы бойынша, демократ Джо Байден жеңіске жеткен болатын. Байден сайлауға қажетті 270 сайлаушының дауысын жинаған. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети