25 наурыз 2022 22:07

Байденмен кездесуге шыққан Польша президентінің ұшағы апатты жағдайда қонды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Анджей Дуда. Фото ©REUTERS Анджей Дуда. Фото ©REUTERS

АҚШ президенті Джо Байденмен кездесуге Жешув қаласына ұшып бара жатқан Польша президенті Анджей Дуданың ұшағы Варшаваға апатты жағдайда қонды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.


АҚШ президенті Джо Байденмен кездесуге Жешув қаласына ұшып бара жатқан Польша президенті Анджей Дуданың ұшағы Варшаваға апатты жағдайда қонды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

"Бортында президент Дуда бар ұшақ апатты жағдайда қонды. Ұшақ Варшаваға оралды", - деді Польша президенті кеңсесінің басшысы Якуб Кумоч.

Кейінірек Дуда кеңсесі Польша мен АҚШ президенттерінің Жешувтегі бағдарламасы ұшақпен болған оқиғаға байланысты аздап өзгеретінін айтты.

Джо Байден мінген ұшақ Польшаның Подкарпат воеводствосындағы Жешув қаласындағы Ясенка аэродромына қонды. Мұнда ол Польша президенті Анджей Дудамен бірге Польшаға жаңадан жіберілген 82-ші әуе десанттық дивизиясының америкалық әскери қызметшілерімен кездеседі.

Байден сенбі күні Варшавада поляк әріптесімен ресми кездесу өткізеді. Онда ол патша сарайының ауласында сөз сөйлейді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети