25 ақпан 2014 21:24

Байқоңыр ғарыш айлағының жаңа басшысы тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Tengrinews.kz мұрағатынан Tengrinews.kz мұрағатынан

Роскосмос Михаил Варданянды "Байқоңыр" ғарыш айлағының басшысы, "Южный" ғарыш орталығы" ФМБК директоры етіп тағайындады, деп хабарлайды Tengrinews.kz ғарыш агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. "25 ақпан күні Михаил Варданянды "Южный" ғарыш орталығы" федералды мемлекеттік біртұтас кәсіпорынының директоры етіп тағайындау туралы бұйрық шықты, - деп жарияланған ғарыш агенттігінің сайтында. "Байқоңыр" ғарыш айлағының бұрынғы басшысы Евгений Анисимов ақпан айының ортасында өз еркімен қызметтен кететінін айтқан. М.Варданян 1959 жылы 20 наурызда Грозный қаласында дүниеге келген. 1981 жылы А.Ф.Можайский атындағы әскери инженерлік институтты, 1990 жылы Ф.Е.Дзержинский атындағы әскери академияны тәмамдаған. Ол 1981-2001 жылдар аралығында КСРО және Ресей қарулы күштерінде инженерлік және штабтық қызметтер атқарды. Сондай-ақ, әскери бөлімдердің бірінде инженерлік жолын басшылық қызметке дейін жалғастырды. Одан кейін 5 Мемлекеттік сынақ ғарыш айлағында басшы болды. Жаңа қызметке тағайындалар алдында М.Варданян "ВНИИЭМ" ААҚ Корпарациясында" бас директордың орынбасары болып жұмыс істеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети