Ресейдің бас прокуратурасы 2013 жылдың 2 шілдесінде Байқоңырдан ұшырылған үш "Глонасс М" аппараты бар "Протон-М" зымыранының құлауына байланысты істі Тергеу комитетіне қайтарып берді, - деп хабарлайды "Известия". Бұл туралы айыпталушылардың қорғаушыларына ескертілді. Тергеу комитеті істі қайта тергеп жатыр.
Ресейдің бас прокуратурасы 2013 жылдың 2 шілдесінде Байқоңырдан ұшырылған үш "Глонасс М" аппараты бар "Протон-М" зымыранының құлауына байланысты істі Тергеу комитетіне қайтарып берді, - деп хабарлайды "Известия". Бұл туралы айыпталушылардың қорғаушыларына ескертілді. Тергеу комитеті істі қайта тергеп жатыр.
Сотталушының орындығында Мәскеудегі зымыран дайындалған Хруничев атындағы орталықтың үш қызметкері отыруы мүмкін: құрастырушы Александр Николаев, арнайы бұйымдарды дайындайтын электрмонтаждаушы Денис Гришин және бақылаушы шебер Диана Гудкова. Олар "Жұмыс жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерінің бұзылуы" бабы бойынша айыпталып отыр. Сонымен қатар, РФ Қорғаныс министрлігінің қызметкері Марат Насибулинге "Немқұрайлылық" бабы бойынша айып тағылды.
Мемлекеттік сараптамалар нәтижесінде "Протон-М" зымыранының құлауына бұрыштық жылдамдықтар тетіктерінің дұрыс орналастырылмауы себеп болғаны анықталды. 2011 жылдың қарашасында зымыранды құрастыру кезінде тетіктер дұрыс орналастырылмаған - оларды 180 градусқа бұрып жіберген. Тергеу мәліметтерінше, 2011 жылы Гришин, Николаев және Гудкова "Протон-М" зымыранына жылдамдықтар тетіктерін орналастырған. Ал Насибулин тиісті тексерісті жүргізбегені үшін айыпталып отыр. Гудкованың айтуынша, тексеріс деңгейінің төмендеуі жұмыс сапасына әсер еткен.
Гришин Мен Николаев өз кінәларын мойындады. Ал, Гудкова бұл іске еш қатысы жоғын айтты. Ол зымыранды қабылдау кезінде құралдардың дұрыс орналастырылғанын айтып отыр, қабылдап алу журналына да Гудкова солай жазған. 2015 жылдың сәуірінде оны қоғаушы тарап Жеңістің 70 жылдығына орай жазаны алу туралы өтініш жазды. Дегенмен әйел өз кінәсін мойындамағандықтан, сот өтінішті қабылдамады.
Еске салайық, 2014 жылдың 2 шілдесінде "Байқоңыр" ғарыш айлағынан үш "ГЛОНАСС-М" аппараты бар "Протон-М" зымыран тасығышы ұшырылған еді. Сөреден көтерілгеннен кейін зымыран бірден ұшу бағытынан ауытқып, ауада бөлшектене бастады да, жарылғаннан кейін сөреден алыс емес жерге барып құлады. Қазақстан тарапы апат салдарынан қоршаған ортаға келген залал көлемі 13 миллиард теңгеден асады деп бағалады.