17 қыркүйек 2022 11:33

Бекхэм II Елизаветаның табытының маңында 12 сағат кезекте тұрды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлыбритания құрамасының бұрынғы футболшысы Дэвид Бекхэм ІІ Елизаветаға құрмет көрсету үшін 12 сағаттан аса уақыт кезекте тұрды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Sky News телеарнасына сілтеме жасап. 


Ұлыбритания құрамасының бұрынғы футболшысы Дэвид Бекхэм ІІ Елизаветаға құрмет көрсету үшін 12 сағаттан аса уақыт кезекте тұрды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Sky News телеарнасына сілтеме жасап. 

Ұлыбритания құрамасының бұрынғы капитаны костюм, галстукпен келген. Бекхэм қарапайым ұлыбританиялықтармен бірге кезекке тұрған.

"Бұл - қайғылы күн, бірақ біз оның қалдырған керемет мұрасын еске алатын күн", - деді Бекхэм.

Айта кетейік, II Елизаветаның денесі салынған табыт 14 қыркүйектен бастап Лондондағы Вестминстер сарайында тұр. Жерлеу рәсімі болатын 19 қыркүйекке дейін онымен қоштасуға болады. Тілек білдірушілер санының көптігіне байланысты адамдар кезекте ұзақ тұруға мәжбүр.

Еске салайық, Ұлыбритания патшайымы ІІ Елизавета Балморалда 96 жасында қайтыс болған еді. Ал жаңа патша Елизаветаның ұлы Чарльз болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети