10 наурыз 2022 09:18

Беларусь Италиядағы елшілігінің аумағында террористік шабуыл жасалғанын хабарлады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Беларусь Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі ұсынған бейнежазбадан үзінді Беларусь Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі ұсынған бейнежазбадан үзінді

Италиядағы Беларусь елшілігінің аумағында жарылыс болды. Оқиға орнына келген Италия полициясының қызметкерлері алдын ала баға беру арқылы бұл оқиғаны террористік шабуыл деп атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі БелТА агенттігіне сілтеме жасап.


Италиядағы Беларусь елшілігінің аумағында жарылыс болды. Оқиға орнына келген Италия полициясының қызметкерлері алдын ала баға беру арқылы бұл оқиғаны террористік шабуыл деп атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі БелТА агенттігіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, 9 наурызда сағат 4.03-4.05-те бетперде киген екі белгісіз адам Беларусь елшілігі мекемесінің ғимаратына жақындап, елшілік аумағына екі жарылғыш зат тастаған. Осыдан кейін шабуылдаушылар оқиға орнынан бірден ізін суытқан. 

Құрылғылардың бірі қосылмай, жарылмай қалған, ал екіншісі газ құбырының жанында жарылған. Дипмиссия қызметкерлері зардап шеккен жоқ.

"Жарылыс салдарынан елшілік ғимаратына айтарлықтай зиян келді. Оның ішінде елшілік ғимаратының терезелері сынып, жарылыс толқынымен 1,5 метрлік ішкі қоршаудан ұшып кеткен металл орындық қирап, 5-7 метрге ығысқан,  елшілік қабылдауға келген адамдарға арналған заттарды сақтайтын металл шкаф, жекелеген бетон плиталар және т.б. заттар қирады.

Италияның құқық қорғау органдарының қызметкерлері барлық қажетті тергеу әрекеттерін жасап, тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр. Италия тарапы шетелдік мекемені күзетуді күшейтуге дайын екенін мәлімдеді", - делінген Беларусь СІМ хабарламасында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.44   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети