Беларусь қалаларында жаппай тәртіпсіздік орнады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Беларусь қалаларында жаппай тәртіпсіздік орнады Фото: Twitter / Игорь Пачковский

Сайлау учаскелері жабылып, мемлекеттік экзитполдың нәтижесі жарияланғаннан кейін Беларусьтің бірнеше қаласында оппозиция тарапынан азаматтар шыға бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сайлау учаскелері жабылып, мемлекеттік экзитполдың нәтижесі жарияланғаннан кейін Беларусьтің бірнеше қаласында оппозиция тарапынан азаматтар шыға бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ел бойынша интернет пен мобильді байланысты кесілді. Тіпті мемлекеттік БАҚ-тың сайттары ашылмады. Қала көшелеріндегі шамдар да әр жерден сөндірілді.

Telegram-каналдардың хабарлауына қарағанда, Минскіде Жеңімпаздар және Машеров даңғылдарының қиылысында орналасқан "Минск - город-герой" стеласының алдына, сондай-ақ Жеңіс алаңына мыңдаған адам жиналған. 

NEXTA Live деректеріне қарағанда, Немигте тұтқындарды тасымалдайтын үлкен көлік  наразы топты қаққан. Зардап шеккендер бар, қайтыс болғандар да болуы мүмкін. "МБХ медиа" ОМОН жиналғандарды бос оқпен атып жатқанын атап өтті. РИА Новости наразы топтың ішінде жарақат алғаны бар, денесінде қан іздері бар деген ақпарат таратты. "Минск - город-герой" стеласының алдында қарулы күштер көзді жасаурататын газ пайдаланған. Зардап шеккендерге көмек көрсетілген.

Еске салайық,  мемлекеттік экзитполдың деректері бойынша, Александр Лукашенко президент сайлауында 79,7 пайыз, ал оның негізгі қарсыласы Светлана Тихановская 6,8 пайыз дауыс жинаған.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети