11 тамыз 2020 09:36

Минскідегі тәртіпсіздік кезінде ер адам қайтыс болды - Беларусь ІІМ

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Минскідегі жаппай тәртіпсіздік кезінде бір адам қайтыс болды. Бұл туралы Беларусьтің ІІМ баспасөз хатшысы Ольга Чемоданова айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Минскідегі жаппай тәртіпсіздік кезінде бір адам қайтыс болды. Бұл туралы Беларусьтің ІІМ баспасөз хатшысы Ольга Чемоданова айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгін 10 тамыз шамамен 23:00-де Минскідегі жаппай тәртіпсіздік кезінде Притыцкого даңғылында адамдар қозғалысты бөгеу үшін баррикада құрған. Арнайы жасақ жабылып қалған алаңды ашуға келгенде наразылық білдірушілердің бірі тәртіп сақшыларға белгісіз жарылғыз құрал лақтырып жіберген. Ол ер адамның қолында жарылып, жарақат алып, салдарынан қайтыс болған", - деді ол Telegram-арнасында. 

Ольга Чемоданованың айтуынша, қазір оқиға орнында жедел-тергеу қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. 

Беларусьтегі сайлау: Тихановская командасынан 7 адам ұсталды

Еске салайық, сайлау учаскелері жабылып, мемлекеттік экзитполдың нәтижесі жарияланғаннан кейін Беларусьтің бірнеше қаласында оппозиция тарапынан азаматтар шыға бастады. 

Ел бойынша интернет пен мобильді байланысты кесілді. Тіпті мемлекеттік БАҚ-тың сайттары ашылмады. Қала көшелеріндегі шамдар да әр жерден сөндірілді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети