07 мамыр 2021 18:17

Беларусь коронавирусқа қарсы вакцина жасап шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: pixabay.com Сурет: pixabay.com

Беларусь президенті Александр Лукашенко 7 мамырда ел ғалымдары коронавирусқа қарсы вакцина жасап шыққанын мәлімдеді, айтуынша, препарат "тірі" және басқа вакциналардан өзгеше, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Белта" басылымына сілтеме жасап.


Беларусь президенті Александр Лукашенко 7 мамырда ел ғалымдары коронавирусқа қарсы вакцина жасап шыққанын мәлімдеді, айтуынша, препарат "тірі" және басқа вакциналардан өзгеше, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Белта" басылымына сілтеме жасап.

"Кеше сынауықтан өз вакцинамызды - Белорусь вакцинасын алдық. Басқа, қазір біз сатып алып жүргеннен жақсысын. Дәрігерлер айтпақшы "тірі" вакцина", - деді Лукашенко.

Беларусь басшысы ол елдің өз вакцинасын шығаруға ниет білдіргенде, сыншылар бұл өте қиын я тіпті мүмкін емес дегенін еске салды.

"Біз асықпаймыз. Ертең ауру өзгергенде не боларын көреміз. Себебі штамм мүлдем басқаша болады", - деді Беларусь басшысы.

Президент қазіргі вакциналар болашақта вирустың жаңа мутацияларына көмектеседі деген кепілдік жоқ екенін айтты.

"Бүгін бізде жұмыс істейтін вакциналар бар. Ресейлік технологиялар бойынша жасалғаны, қытайдікін сатып алдық. Ертең біз сынауықтағы вакцинамызды басқа штамдарға бейімдейміз. Өмір не боларын кім біледі", - деді ол.

Еске салайық, 6 мамырдан бастап Нұр-Сұлтан тұрғындары үшін Біріккен Араб Әмірліктерінде шығарылған Hayat-Vax атты Sinopharm Қытай вакцинасы қолжетімді болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети