11 ақпан 2019 14:44

Беларусьте жасөспірім мектепте мұғалім мен оқушыларды пышақтаған

Дина Муратова Редактор

ПОДЕЛИТЬСЯ

фото: nvdaily.ru фото: nvdaily.ru

Беларусьте жасөспірім оқытушыға және үш оқушыға пышақпен шабуыл жасаған, - деп хабарлайды РИА Новости.


Беларусьте жасөспірім оқытушыға және үш оқушыға пышақпен шабуыл жасаған, - деп хабарлайды РИА Новости.

Беларусьтің ІІМ баспасөз өкілдерінің мәліметінше, оқиға Столбцы қаласында болған.

"8.05-те полицияға хабарлама түскен. Аудан орталығында № 2 орта мектебінде оқушы пышақпен оқытушысына және үш оқушыға жарақат салған. Нәтижесінде, оқытушы мен бір оқушы алған жарақаттан қаза тапқан. Оған қоса, екі оқушы емханаға жедел түрде жеткізілген. Күдікті 2003 жылғы жасөспірім оқиға орнынан қашып кеткен. Минсктің алты ауданында "Сирена" жоспары жүргізіліп жатыр", - деп жазылған мәлімдемеде. 

Мектепке жедел тергеу тобы мен Минскінің облыстық ішкі істер басқармасының басшылары жөнелтілді. Қазіргі уақытта жедел тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Екі адам қаза табуы дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысын республиканың Тергеу комитетінің басшысы Иван Носкевич өз бақылауына алды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети