Белгісіздер АҚШ-та Мұхаммед пайғамбарға арналған карикатуралар көрмесіне оқ жаудырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Белгісіздер АҚШ-та Мұхаммед пайғамбарға арналған карикатуралар көрмесіне оқ жаудырды ©REUTERS/ Mike Stone

Техас штатындағы Гарленд қаласында екі ер адам Мұхаммед пайғамбарға арналған карикатуралар көрмесіне оқ жаудырды, шабуылдағанжардың көзі жойылды, - деп хабарлайды РИА Новости.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Техас штатындағы Гарленд қаласында екі ер адам Мұхаммед пайғамбарға арналған карикатуралар көрмесіне оқ жаудырды, шабуылдағанжардың көзі жойылды, - деп хабарлайды РИА Новости.

Жалғасы

Оқиға 4 мамырда шамамен сағат 19.00-де, іс-шара аяқталып жатқан кезде болды. Екі күдікті орталықтың автотұрағына оқ атып, күзет қызметкерін жарақаттады. Көрме қатысушылары эвакуацияланды, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Оқиға орнына тәртіп сақшылар келіп, бұл істі тергеп жатыр.  

Осыған ұқсас оқиға ақпан айының ортасында Копенгагенде болған еді. Белгісіздер Мұхаммед пайғамбарға карикатура салумен айналысатын швед суретшісі Ларс Вилкспен кездесу өтіп жатқан жерде оқ атты. Сол кезде екі полицей зардап шекті. 

Ал осы оқиғадан бір апта бұрын Charlie Hebdo деп аталатын француз журналының редакциясына лаңкестер оқ жаудырып, 12 адамды өлтірген еді. Олар пайғамбардың карикатурасын салуға қарсы болған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети