Белгісіз біреулер Беларусь оппозициясы басшысын ұстап әкеткен

ПОДЕЛИТЬСЯ

Белгісіз біреулер Беларусь оппозициясы басшысын ұстап әкеткен фото: РИА Новости

Белгісіз біреулер қала орталығында Беларусь оппозициясы басшыларының бірі Мария Колесникованы ұстап әкеткен, - деп хабарлайды TUT.BY.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Белгісіз біреулер қала орталығында Беларусь оппозициясы басшыларының бірі Мария Колесникованы ұстап әкеткен, - деп хабарлайды TUT.BY.

Басылымның мәліметінше, 7 қыркүйекте таңғы уақытта Беларусь оппозициясының басшысын белгісіз біреулер микроавтобусқа салып әкеткен. Қайда әкеткені белгісіз.

Куәгердің айтуынша, бұл оқиға музей маңында болған. Маска киген адамдар Марияны микроавтобусқа итеріп жіберген. Сол сәтте оның телефоны қолынан ұшып кетті дейді куәгерлер.

Беларусьте митинг туралы хабар таратқан екі журналист ұсталды

Оппозицияның Үйлестіру кеңесінің баспасөз хатшысы Антон Родненков Колесниковамен байланысқа шығуға тырысқан. Бірақ олардың қай жақта екені белгісіз дейді.

Еске салайық, оппозицияның жаппай наразылық акциялары 9 тамызда Беларусьте Александр Лукашенко президент сайлауында алтыншы рет жеңіске жеткеннен кейін басталды. ОСК мәліметі бойынша, ол 80,1 пайыз дауыс жинаған. Акцияның алғашқы күндерінде қауіпсіздік күштері наразылық білдірушілерге қарсы, нәтижелермен келіспейтіндерге қарсы жас ағызатын газ, суатқыштар, жарық шуы гранаталары, резеңке оқтар қолданды.

Содан кейін құқық қорғау органдары митингілерді таратуды және күш қолдануды тоқтатты. Ресми мәліметтер бойынша, алғашқы күндері 6,7 мыңнан аса адам ұсталды. Республика ІІМ хабарына қарағанда, тәртіпсіздіктер барысында жүздеген адам зардап шекті, олардың ішінде құқық қорғау органдарының 130-дан астам қызметкері бар.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети