08 қыркүйек 2020 12:41

Беларусь оппозициясының жетекшісі Украинаға шығып кетпек болғанда ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

РИА Новости© РИА Новости©

Беларусь оппозициясының жетекшісі Мария Колесникова Украинаға шығып кетпек болғанда ұсталды. Бұл туралы Беларусь Мемлекеттік шекара комитетінің ресми өкілі Антон Бычковский айтты, - деп хабарлайды БелТА.


Беларусь оппозициясының жетекшісі Мария Колесникова Украинаға шығып кетпек болғанда ұсталды. Бұл туралы Беларусь Мемлекеттік шекара комитетінің ресми өкілі Антон Бычковский айтты, - деп хабарлайды БелТА.

Оның айтуынша, Антон Родненков, Иван Кравцов пен Мария Колесникова 8 қыркүйекте шамамен сағат 04.00-де "Александровка" халықаралық өту пункті арқылы Беларусьтен кетіп қалмақ болған. 

"Родненков, Кравцов және Колесникова BMW автокөлігімен кедендік шекаралық бақылаудан өтіп, Украинаға қарай бет алған. Алайда кейіннен шекара жасағын кездестірген кезде көлік жылдамдығын асырып, шекара қызметкерлерінің өміріне қауіп төндірді. Колесникованы көліктен түсіріп тастаған да, Украинаға қарай бет алған", - деді Бычковский.

Еске салайық, мұның алдында белгісіз біреулер Беларусь оппозициясы басшысын ұстап әкеткені хабарланған еді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети