Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 340.11
EUR / KZT - 407.93
CNY / KZT - 51.61
RUB / KZT - 5.91

Белоруссия Қырымның Ресейге қосылуын мойындады

23 Наурыз 2014, 18:55
1
Александр Лукашенко. Фото ©РИА Новости
Александр Лукашенко. Фото ©РИА Новости
Белоруссия президенті Александр Лукашенко Қырымның Ресей Федерациясына қосылуын мойындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап. Ол сондай-ақ, жартылайаралды Ресей аумағының бір бөлшегі деп те айтып қалды.

"Іc жүзінде Қырым Ресейдің бір бөлшегі ретінде тарихқа енді, және жағдайдың өзі соған иетермеледі. Біз Ресей федерациясымен біргеміз. Заң жүзіндегі мәселелер кейінірек бола жатар", - деді Лукашенко журналистерге берген сұхбатында. Айта кетерлігі, жаңа аймақты Ресей құрамына кіргізу туралы заң жобасы 2014 жылы наурыздың 21-і күні күшіне енген болатын. Ресей Президенті Владимир Путин наурыздың 29-ына дейін ол аймақта жергілікті атқарушы биліктің құрылымдық жоспарын мақұлдауды тапсырған. Бұл дегеніңіз аймақта Ресейдің федеральды ведомствосының аумақтық органдары пайда болады дегенді білдірсе керек.

Айта кетейік, Батыс саясаткерлері Ресейдің Қырымды қосып алуын сынаумен келеді. Мәселен, Ұлыбританияның сыртқы істер министрі Уильям Хейгтің The Telegraph газетінде жариялаған мақаласында РФ-на түрлі санкциялар жарияланып, әлемнен оқшауланатынын айтқан болатын.

Ол өз мақаласында Украина территориясында орын алған жағдайды аннексия деп атаса, референдумның өтуі де, қорытындысы да заңсыз екенін айтқан. Премьер-министр сондай-ақ, Ресейді "кейбір халықаралық ұйымдардан" шығару керектігін де атап өткен. Әлемдік қауымдастықтың санкциялары РФ халқына бағытталмайтынын да айта кетті.

Еске саламыз, аймақтың мәртебесін анықтауға арналған референдум 2014 жылы наурыздың 16-ы күні өткен болатын. Ол кезде референдумға қатысқандардың басым көпшілігі Ресейге қосылуға қарсы емес екендіктерін білдіріп, дауыс берген еді. Ал аймақтың Жоғарғы кеңесі тәуелсіздікті жариялаған. РФ президенті Владимир Путин, Қырым басшылары мен Севастополь мэрі Қырым және Севастопольды Ресей құрамына кіргізу туралы келісімге қол қойған болатын. Украина мен көптеген батыс мемлекеті Қырымда өткен референдумды заңсыз деп тапқан.

Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай