01 ақпан 2022 16:57

"Бэтмен" фильмінен үзінді жариялады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

twitter.com/mattreevesLA twitter.com/mattreevesLA

Warner Bros студиясы басты рольде Роберт Паттинсон ойнайтын "Бэтмен" кинокомиксынан 2,5 минуттық үзінді жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Warner Bros студиясы басты рольде Роберт Паттинсон ойнайтын "Бэтмен" кинокомиксынан 2,5 минуттық үзінді жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үзінді Warner Bros. Pictures YouTube-арнасында жарияланды.

Алғашында бұл үзінді желіге сапасы нашар түрде жарияланған, кейінірек режиссер Мэтт Ривз оны ресми түрде жариялауға шешім қабылдаған. Оның идеясы бойынша, Брюс Уэйннің жерлеу рәсімінде жұмбақ адам "Бэтменнің" отбасылық құпиясын білу үшін қасақана бопсалайды, оның ролін Пол Дано ойнайды.

Жаңа "Бэтменнің" хронометражы субтитрсіз 2 сағат 47 минут және бұл кейіпкер туралы ең ұзақ фильм болмақ.

Роберт Паттинсоннан басқа, фильмде Зои Кравиц, Энди Серкис, Джеффри Райт, Джон Туртурро және Колин Фарелл де ойнайды.

Еске салайық, кино өндірісі 2020 жылдың 27 қаңтарында басталды. Алайда наурыздағы карантин шараларына орай белгісіз мерзімге кейінге қалдырылған.

Кедергілер фильмнің шығатын күнін ұзартып жіберген. Студия фильмнің премьерасын биыл 25 маусымға жоспарланған, бірақ ол 2022 жылдың 4 наурызына ауыстырылды.

Фильмнің режиссері Мэтт Ривз жаңа Batmobile-ды әр қырынан көрсететін суреттер, сондай-ақ, "заманауи" Бэтмен костюмін киген Паттинсонның видеосын жариялап, жанкүйерлердің премьераға деген қызығушылығын тудырған. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети