Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.70
EUR / KZT - 389.99
CNY / KZT - 49.72
RUB / KZT - 5.59

Бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығы екі құқыққорғаушыға берілді

10 Қазан 2014, 16:06
0
Малала Юсуфзай пен Кайлаш Сатьярти. ©theguardian.com
Малала Юсуфзай пен Кайлаш Сатьярти. ©theguardian.com

2014 жылдың бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығы пәкістандық құқыққорғаушы Малала Юсуфзай мен балалар құқығын қорғаушы үндістандық белсенді Кайлаш Сатьяртиге берілді, - деп хабарлайды The Guardian. Лауреаттарды марапаттау дәстүр бойынша 10 желтоқсанда Стокгольмде өтеді. 

Пәкістандық оқушы Малала Юсуфзай қыздардың білім алу құқығын қорғайтын науқанды басқарған болатын, 2012 жылы бұған қарсы болған тәліптер белсендіні басынан атып, ауыр жаралады. Кайлаш Сатьярти - Балалар құлдығына қарсы Оңтүстік Азия коалициясының (South Asian Coalition on Child Sewitude) жетекшісі.

Нобельдің бұл сыйлығына 278 үміткер болды, оның 47-сі - қоғамдық және халықаралық ұйым. Сыйлық иегерлерінің арасында жолы болуы мүмкін адамдар ретінде америкалық Эдвард Сноуден, Рим папасы Франциск пен Малала Юсуфзай аталған болатын. 

Букмекерлік компания ойыншылары ұсынған тізімдерде де осы адамдар болды, - деп хабарлайды РИА Новости. Олардың арасында Рим папасы мен Сноуденнен бөлек, соғыс уақытында зорланған әйелдерге көмек көрсеткен конголық гинеколог Денис Муквеге, БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун және неміс мемлекеттік қайраткері Гельмут Коль да болды.

Бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығы 2013 жылы Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйымға берілген болатын. 2012 жылы бұл сыйлықты "Еуропаны біріктіруге және оны соғыс құрлығынан бейбітшілік құрлығына айналдырғаны үшін" Еуроодақ иеленді.

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай