Бейруттағы жарылыс: қазақстандық бітімгерлер зардап шекпеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бейруттағы жарылыс: қазақстандық бітімгерлер зардап шекпеді

Бейрут портындағы жарылыстан Ливанда БҰҰ миссиясы бойынша қызмет етіп жатқан қазақстандық бітімгерлер зардап шекпеді. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіндегілер мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.

Ливанда БҰҰ уақытша күшінің миссиясы бойынша Қазақстан қарулы күштерінің төртінші қосынды бітімгерлер ротасының әскери қызметшілері бар екені хабарланған. Қазақстандық әскерилер үндістандық бітімгер батальонының құрамында аймақтағы бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау тапсырмаларын орындайды.

Бейруттағы жарылыстың салдары. Фото мен видео жарияланды

"Біздің бөлімшелер оқиға болған жерден алыста, бәрі аман-есен, жағдайы жақсы", - деді баспасөз қызметінің өкілі.

Сондай-ақ ол жарылыс салдарын тазарту кезінде қазақстандық әскерилердің қатысуы жоспарда жоқ екенін айтты.

Еске салайық, Бейрутта 4 тамызда кешке жойқын жарылыс болып, Ливан астанасындағы ғимараттардың жартысы зардап шекті. Соңғы мәліметтерге қарағанда, 78 адам қайтыс болған. Ливанның премьер-министрі Хассан Диябтың айтуынша, жарылысқа алты жыл бойы 2750 тонна аммиак селитрасының дұрыс сақталмауы себеп болған

Жарылыс кезінде Қазақстан консулы зардап шекті.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети