10 қыркүйек 2020 15:27

Билікті бермеймін, мені ол үшін сайламады - Лукашенко

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: РИА Новости Фото: РИА Новости

Беларусь президенті Александр Лукашенко биліктен кетпейтінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі БЕЛТА ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.


Беларусь президенті Александр Лукашенко биліктен кетпейтінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі БЕЛТА ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Жалғасы
Лукашенко Мәскеуге барады

"Ер адам ретінде пікірімді білдірейін, бізде түсінбестік болған емес. Маған "билікті бергісі келмейді" деген айып жиі тағылады. Сын орынды. Бірақ халық мені ол үшін сайлаған жоқ. Сіздер де биліктің иесісіздер, оның бір бөлігісіздер. Билік адамға оны қолға алып, тастай салу үшін берілмейді. 90-жылдардың ортасында билікте былық көп еді. Кейбірі оған аяғын сүртетін. Бұл кезең көбінің есінде. Мен Беларусьтің сол уақытқа оралуын қаламаймын. Сондықтан ешкім билікті кінәлай алмайды", - дейді Лукашенко.

Сонымен қатар, мемлекет басшысы наразылық білдірушілердің жетегінде кетпейтінін, билікті бермейтінін атап өтті. Сондай-ақ, ол прокурорларды өз жағында болуға, егер олай жасай алмаса, жұмысқа кедергі келтірмеуге шақырды.

"Мұны сізбен немесе сізсіз-ақ жасаймын. Шешімді өздеріңіз қабылдайсыздар. Бірақ басымды ие алмайсыздар. Жанымда болып, мемлекетті құтқарғыларыңыз келсе, қосылыңыздар. Оны қаламаңасыздар, елге сатқындық жасамаңыздар. Сіздер - погондағы адамдарсыздар. Хайп жасаудың керегі жоқ. Жолдан ары тұрыңыздар, кедергі жасамаңыздар!", - деді ол.

Айта кетейік, 9 тамызда Беларусьте президент сайлауы өтіп, соңы наразылыққа ұласқан еді

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети