11 наурыз 2015 22:29

Борис Немцовты өлтіруге тапсырыс берушінің аты аталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Борис Немцов. Фото: Андрей Стенин/РИА Новости Борис Немцов. Фото: Андрей Стенин/РИА Новости

Саясаткер Борис Немцовтың өлімі бойынша тергеушілер өткен аптада Ресей президенті Владимир Путинге бұл атышулы қылмысты ұйымдастырушының фамилиясы мен тапсырысты орындаушылардың кейбірінің аты-жөнін атады. Бұл туралы "Дождь" телеарнасы "Новая Газета" басылымына сілтеме жасап. 


Саясаткер Борис Немцовтың өлімі бойынша тергеушілер өткен аптада Ресей президенті Владимир Путинге бұл атышулы қылмысты ұйымдастырушының фамилиясы мен тапсырысты орындаушылардың кейбірінің аты-жөнін атады. Бұл туралы "Дождь" телеарнасы "Новая Газета" басылымына сілтеме жасап. 

Ақпарат құралының хабарлауынша, Немцовты өлтіруді ұйымдастыруы мүмкін адамның аты - Руслан. "Атағы - майор. Оның фамилиясы президентке белгілі, дүйсенбі күні Грозныйда дәл осы адамнан жауап алынды, ақпараттың баспасөзге шығып кетуіне жол берілмей, бірақ Русланның жақын туысы шешеннің күш құрылымдарының жоғары лауазымды өкілі делінді", - деп жазады "Новая Газета".

Басылымның мәліметінше, Руслан "Солтүстік" батальонында қызмет еткен және "бірнеше мәрте марапатталған". Соңғы кездері Руслан Мәскеуге барған, бұл жақта оның екі ағайыны жұмыс істейді. "Майор Русланның" фамилиясы ІІМ, Федералдық қауіпсіздік қызметі, Тергеу комитетінің ондаған, тіпті, жүздеген қызметкеріне таныс екен. Ол мақала авторларына да белгілі көрінеді, бірақ олар "кінәсіздік презумпциясын ескере отырып", оның атын атамауды жөн көрген.  

"Эхо Москвы" радиосы болса, мақұлданбаған ақпарат бойынша Путинге баяндалған мәліметте Руслан Геремеев туралы айтылатынын хабарлады. Ол кезінде Немцовтың өлімі туралы іс бойынша негізгі күдікті Заур Дадаевпен бірге марапатқа ие болған. "Русланның ағайы - Сүлейман Геремеев, Шешенстанның сенаторы, оның есімі баспасөзде Руслан Ямадаевтың, Мовлади Байсаровтың, Анна Политковскаяның өлімдеріне және қылмыс әлемінің серкесі Руслан Атлангериевтің ұрлануына қатысты материалдарда аталады. Русланның екінші ағайы - Ваха Геремеев, Шешенстанның Шелковский ауданы бойынша ішкі істер бөлімінің бастығы. Оның немере ағасы - Мемлекеттік Дума депутаты Адам Делимханов", - деп хабарлады радиостанция. 

Владимир Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков "Новая Газета" басылымының ақпаратына қатысты түсінік беріп, бұл мәліметті қисынсыз дүние деп атады. 

Еске салайық, 8 наурызда Мәскеуде саясаткер Борис Немцовтың өлімі туралы іс бойынша бес айыпталушының тұтқындалғаны хабарланған еді. Олар - "Солтүстік" батальоны командирінің экс-орынбасары Заур Дадаев, Шагит және Азор Губашевтар, Рамзат Бахаев пен Тамерлан Эскерханов. Негізгі күдікті Дадаев әуелі саясаткердің өліміне қатысы барын мойындады да. кейін өз сөзінен бас тартты. Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров Дадаевты қорғап, оны "Ресейдің нағыз патриоты" деп атады. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети