Бразилия президенті коронавирус статистикасын бұрмалады деп айыпталды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бразилия президенті коронавирус статистикасын бұрмалады деп айыпталды Фото ©REUTERS

Бразилияның сенат комитеті президент Жаир Болсонару COVID-19-дан қайтыс болғандар санын губернаторлар мен әкімдер "көбейтіп жіберді" деп жалған деректер қолданғанын анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бразилияның сенат комитеті президент Жаир Болсонару COVID-19-дан қайтыс болғандар санын губернаторлар мен әкімдер "көбейтіп жіберді" деп жалған деректер қолданғанын анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle басылымына сілтеме жасап.

Парламенттік топ Одақтың есеп палатасы (TCU) қызметкері Александра Маркестің мәлімдемесін қабылдаған. Ол ел президентіне жолданған негізгі "құжаттың" авторы екенін мойындады.

"Құжатты қолына алған соң, Жаир Болсонару маусымда Бразилияда COVID-19-дан қайтыс болғандар кем дегенде 50 пайызға азайды деп мәлімдеді. Ол бұл құжатқа тексеруші органның ресми құжаты сияқты сілтеме жасаған", - деді Маркес.

Сенат комиссиясы жетекшісінің айтуынша, президент бұл мәлімдемені 2020 жылдың маусымында, елде коронавирустан 475 мыңнан аса адам қайтыс болған кезде жасаған. Ал, әкімдер мен губернаторларды бұл мәліметті мемлекеттен қаржы алу үшін көбейтіп айтты деп айыптаған.

Маркестің айтуынша, президент хабарлама топтарында таратқан "құжатқа" TCU логотипі қосылған. Алайда ол президентке жіберген негізгі "құжатта" жоқ болған.

Сенатор Рандольф Родригес, комиссияның вице-президенті TCU логотипін "оны ресми ету үшін" енгізу жалған ақпарат таратудан гөрі маңызды болуы мүмкін деді.

Бұған дейін Бразилия Жоғарғы соты президент Жаира Болсонарудың пандемия жағдайындағы әрекеттері бойынша тергеуді бастауды мақұлдаған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети