28 желтоқсан 2021 08:28

Коронавирусты "болмашы тұмау" деген Бразилия президенті қызына екпе салдыруға қарсы шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Бразилия президенті Жаир Болсонару өзінің 11 жастағы қызына COVID-19-ға қарсы вакцина салдырмайтынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters-ке сілтеме жасап.


Бразилия президенті Жаир Болсонару өзінің 11 жастағы қызына COVID-19-ға қарсы вакцина салдырмайтынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters-ке сілтеме жасап.

Бразилия басшысының айтуынша, ол елдің денсаулық сақтау министрі Марсело Кейрогамен бес пен 11 жас аралығындағы балаларды вакциналау тәртібін енді ғана талқыламақ, бұл тәртіпті денсаулық сақтау министрлігі 5 қаңтарда бекітуді жоспарлап отыр.

"Мен бұл туралы Кейрогамен сөйлестім. 5-і күні ол балаларды вакциналау туралы жазбаны жариялауы керек. Сот араласуы болмайды деп үміттенемін. Менің қызым вакциналанбайтындықтан, мен мұның бәрін түсінгім келеді", - деді Болсонару. 

Мемлекет басшысының пікірінше, балалар арасында коронавирусқа қарсы вакциналарды қолдануға қатысты "күмән көп".

Үкіметтің коронавирус жөніндегі консультативтік органы Бразилияда COVID-19-дан 5 пен 11 жас аралығындағы 301 бала қайтыс болды деген есеп шығарды.

Бұған дейін Бразилияның жоғарғы соты президент Жаир Болсонарудың COVID-19 пандемиясындағы әрекеттерін тергеуді бастауды мақұлдаған болатын. Бразилия Сенатының комитеті Болсонарудың COVID-19 пандемиясынан қайтыс болғандар санын губернаторлар мен мэрлер асыра бағалады деген жалған мәліметтерді қолданғанын анықтады.

Айта кетейік, Бразилия президенті пандемия басталғалы сарапшылардың бетперде тағу ұсынымынан бас тартып, оқшаулау шараларын қолдану туралы үндеулерін бірнеше рет елемеді. Ол бірнеше коронавирус өзін "жеңе алмайды" деп мәлімдеп, ДДСҰ жариялаған пандемия кезінде ауруды "болмашы тұмау" деп атаған да еді.

Болсонару сонымен қатар вирустың таралуына қарамастан шетелдіктерге елге ұшуға рұқсат берді. Бұл үшін Бразилия кәсіподақтары президентті сотқа берді. Былтырғы наурыз айында Болсонаруға митинг кезінде қоғамдық жерде маска тақпағаны үшін айыппұл салынған, бірнеше күннен кейін ол коронавирус жұқтырған еді

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети