17 қаңтар 2021 10:52

Бразилияда "Спутник V" вакцинасын төтенше жағдайларда қолдануға рұқсат берілмеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бразилияда төтенше жағдайларда коронавирусқа қарсы "Спутник V" вакцинасын қолдануға рұқсат берілмеді, - деп хабарлайды РИА Новости


Бразилияда төтенше жағдайларда коронавирусқа қарсы "Спутник V" вакцинасын қолдануға рұқсат берілмеді, - деп хабарлайды РИА Новости

Бразилияның санитарлық қадағалау жөніндегі ұлттық реттеушісі Ресейдің тікелей инвестициялар қоры мен Uniao Quimica компаниясының "Спутник V" вакцинасын шұғыл жағдайларда қолдану үшін тіркеу туралы өтінішін қабылдамады.

"Сұраныс минималды талаптарға сәйкес келмеуіне байланысты компанияға қайтарылды", - делінген хабарламада.

Uniao Quimica компаниясы қаңтарда Бразилияда коронавирусқа қарсы ресейлік "Спутник V" вакцинаны шығара бастады.

Ресей Бразилияға "Спутник V" вакцинасының 10 миллион дозасын 2021 жылдың бірінші тоқсанында жеткізеді, биыл барлығы 150 миллион доза жеткізуі тиіс.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети