17 қазан 2016 10:59

Бразилияда түрмедегі бүлік кезінде 25 сотталушы мерт болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

MIGnews MIGnews

Рорайма штаты, Боа-Виста қаласындағы түрмеде болған тәртіпсіздіктердің салдарынан кем дегенде 25 сотталушы мерт болған, - деп хабарлайды RT.


Рорайма штаты, Боа-Виста қаласындағы түрмеде болған тәртіпсіздіктердің салдарынан кем дегенде 25 сотталушы мерт болған, - деп хабарлайды RT.

Тәртіпсіздіктер 16 қазан күні кешкісін, сотталушылардың жақындарымен кездесу сағатында басталған. Жазасын өтеушілер пышақ және ағаш таяқтармен қаруланып, түрменің бір қанатын екіншісінен бөліп тұрған қоршауды қиратқан. Осыдан барып 100 шақты адам, көбіне әйелдер кепілге алынды.

Оқиға орнына арнайы полициялық операциялар батальоны (BOPE) келіп, кепілдегі адамдарды босаты. Арнайы операция барысында 25 сотталушы мерт болды. Оның ішінде жеті адамның басы шабылып, ал алтауы күйіктен көз жұмған, - деп хабарлайды телеарна BOPE өкіліне сілтеме жасап.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.35   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети