02 маусым 2021 14:54

Бразилияда вакцинация бойынша ауқымды тәжірибе жүргізілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Бразилияның Серрана қаласында өткізілген тәжірибе вакцинациядан кейін коронавирус құрбандары 95 пайызға төмендегенін көрсетті, - деп хабарлайды Reuters.


Бразилияның Серрана қаласында өткізілген тәжірибе вакцинациядан кейін коронавирус құрбандары 95 пайызға төмендегенін көрсетті, - деп хабарлайды Reuters.

Қытайлық Sinovac Biotech компаниясы жасаған CoronaVac вакцинасын шығаратын Бутантан институты ақпан-сәуір аралығында 45 мың тұрғыны бар Серранада тәжірибе жүргізген. Ғалымдар вирустың тарау шегін түсіну үшін қаланы төрт бөлікке бөлген.

Сарапшылар мәліметі бойынша, үш аймақтағы адамдар немесе халықтың шамамен 75 пайызы вакцинаның екі дозасын алғаннан кейін, нәтиже байқалған.

Бутантан институты мәліметіне сүйенсек, СOVID-19 өлімі 95 пайызға, ауруханаға жатқызу 86 пайызға, симптоматикалық жағдайлар саны 80 пайызға төмендеген.

"Ең маңызды нәтиже - бүкіл халыққа вакцина салмай-ақ пандемияны бақылауда ұстау", - деді Бутантан институтының зерттеу директоры Рикардо Паласиос.

Осыған ұқсас зерттеу Бразилияның тағы бір қаласында - 148 мың халқы бар Ботукатуда жүргізіліп жатыр. Зерттеушілер жергілікті Fiocruz компаниясы шығаратын Oxford-AstraZeneca вакцинасын қолданады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети