02 сәуір 2017 11:59

Бразилиялық ер адам аргентиналық туристті бір соққымен өлтірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

видеодан үзінді видеодан үзінді

Бразиялияда жергілікті тұрғын аргентиналық саяхатшыны бір соққымен өлтірді. Қайғылы оқиға 26 наурызда Рио-де-Жанейро қаласындағы түнгі клубтардың бірінің алдында болған. Аргентиналық ер адамның соққының астында қалғаны туралы видео Желіде жарияланды, - деп хабарлайды "360" телеарнасы бразилиялық Globo басылымына сілтеме жасап. 

БАҚ мәліметінше, 28 жастағы Матиас Себастьян Карена демалыс кештерін ұйымдастырушы промоутерлермен жанжалдасып қалған. Кейбір мәліметтерге қарағанда қонақтардың өздеріне берілген есеп шотпен келіспеуі болған. 

Жанжал бітімге келмегендіктен, аргентиналық азамат сыртқа шығып, екі отандасына барған. Бір сәтте аргентиналық жалғыз қалып қойып, өзін қуып келе жатқандардан құтылмақшы болғанда, бір адам Матиасқа дәл соққы жасап, оны нокаутқа жіберген. Есінен таңған ер адам жолға құлап, басын ұрып алды. Бірнеше уақыттан соң ол ес жимастан бақилық болды.  

Қазіргі уақытта бразилялық полицейлер төрт күдіктіні іздестіріп жатыр. Соққыны жасаған - музыкант Уолтерсон Феррейра, елден қашып Мадридке ұшып кеткен. Бразилия билігі Интерполға хабар берген, алайда қашқынды әлі күнге дейін ұстамаған. Оның сыбайластары да қаладан қашып кеткен.  

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети