Бразилияның экс-президенті 10 жылға сотталды

13 Шілде 2017, 08:43
0
Бразилияның экс-президенті 10 жылға сотталды -

Бразилия соты сәрсенбіде елдің экс-президенті Луис Инасиу Лулу да Силваны жемқорлық жасады деген айыппен 9,5 жылға бас бостандығынан айырды, - деп хабарлайды РИА Новости.

Агенттіктің мәліметінше, бұрынғы президентке жемқорлық бойынша бес айып тағылған. Биыл мамырда бразилиялық тергеушілер Сан-Паулу штатындағы Силваның иелігінде делінген әрі мемлекеттің қаражатына салынған зәулім үйді тексере бастады. 

Ал оның алдында экс-президентке Petrobras мұнай компаниясындағы жемқорлық жоспарға қатысы бар болуы мүмкін деген күдік келген. Бұл компанияда 2014 жылы жемқорлық дауы болған еді, сөйтсек бірнеге функционер келісімшартқа қол қойғанда соманың үш пайызын заңсыз сыйақы ретінде алып отырған. Бұл қаражат кейін саясаткерлер мен лауазымды тұлғаларға пара беру үшін қолданылған делінеді. Ел билігінің мәліметінше, бағаның өсуі мен пара арқылы қылмыстық жоспар құрғандар 3,8 миллиард доллар шамасында заңсыз табыс көрген. 


Луис Инасиу Лула да Силва. Фото ©REUTERS/Ueslei Marcelino


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай