Бішкек түбінде құлаған лайнер 32 үйді қиратып өткен

16 Қаңтар 2017, 14:50
0
© REUTERS/ Vladimir Pirogov
© REUTERS/ Vladimir Pirogov

Түркия әуе желісінің Бішкекте құлаған Boeing 747-400 ұшағы қолайсыз жағдайда қонған. Бұл туралы журналистерге үкіметтік комиссияның басшысы, Қырғызстанның вице-премьері Мухамметкалый Абулгазиев айтты, - деп хабарлайды РИА Новости.

Boeing 747-400 жүк тасымалдайтын ұшағы дүйсенбіде, таңғы уақытта ұшып-қону жолағынан 1,5 шақырым жерде құлаған. Әуе апатының салдарынан 32 үй қираған. Түрлі мәліметтерге сүйенсек, қаза тапқандардың саны - 35-37 адам.

"Ұшақ Бішкекте тағы жанармай құйып алуы керек болатын. Содан ұшқыш шамамен сағат 07.17-де біздің диспетчерден қонуға рұқсат сұрады. Ауа райы қолайлы болды, оған дейін сол жақта түнде 11 ұшақ қонған болатын - арасында жолаушылар ұшағы мен жүк тасымалдайтын ұшақ та бар", - деді Қырғызстанның вице-премьері.

Сондай-ақ, вице-премьердің айтуынша, мамандар ұшақтың ара-қашықтықты дұрыс есептемеген, сондықтан қонғанда қателік жасаған.

Еске салайық, оқиға "Манас" әуежайында 16 қаңтарда жергілікті уақыт бойынша шамамен сағат 07.30-да болған. Апатқа ұшыраған жүк ұшағының Turkish Airlines әуе компаниясының иелігінде екені анықталып отыр. Ал кейінірек Бішкек түбінде құлаған ұшақтан кем дегенде 16 адамның қаза тапқаны хабарланды. Агенттік Қырғызстанның денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап, қазіргі уақытта құтқарушылардың пилоттың және 15 жергілікті тұрғынның денесін тапқанын хабарлаған еді.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай