22 қараша 2020 17:55

Бішкекте референдум мен Конституцияны өзгертуге қарсы акция өтті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: 24.kg Сурет: 24.kg

Бішкекте референдум мен Конституцияны өзгертуге қарсы акция өтті, - деп хабарлайды 24.kg.


Бішкекте референдум мен Конституцияны өзгертуге қарсы акция өтті, - деп хабарлайды 24.kg.

Шеруге 500-ге жуық адам қатысты. Олар теміржол вокзалынан Ала-Тоо алаңына дейін Еркіндик бульварымен жүріп өтті.

Олар "Хандыққа жол жоқ! Референдумге жол жоқ!", "Хансыз мемлекет" деп ұрандатты.

Шерушілер арасында Қаныбек Иманалиев, Клара Сооронқұлова, Садық Шер-Нияз, Дастан Бекешев секілді бірқатар саясаткер болды.

Айта кетейік, Конституцияның жаңа жобасы әзірленді. Оған жоғарғы кеңестің 80 депутатының қолы қойылып, негізгі заңға өзгерістер енгізу бойынша референдум тағайындау туралы заң қабылданды. Ол парламенттің ресми сайтында қоғамдық талқыға жарияланды.

Сурет: 24.kg

Конституцияны қайта қарау - Садыр Жапаровтың бастамасы. Ол бұл туралы бірнеше рет айтқан. Негізгі заңды қайта жазу жұмысы алтыншы шақырылымдағы парламент депутаттарына берілген, бірақ бұл әрекет 2020 жылдың 28 қазанынан кейін заңсыз болып қалды, себебі өкілеттік мерзімі аяқталды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети