14 қыркүйек 2021 13:11

Бішкектегі Айзаданың өлімі: сот айыпталушыларға қатысты үкім шығарды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: turmush.kg Фото: turmush.kg

Бішкектің Первомайский аудандық соты Айзада Қанатбекованы ұрлау дерегі бойынша қылмыстық іске қатысты үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kg сайтына сілтеме жасап.


Бішкектің Первомайский аудандық соты Айзада Қанатбекованы ұрлау дерегі бойынша қылмыстық іске қатысты үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kg сайтына сілтеме жасап.

Үкімді судья Салтанат Есенқұлова оқыған, оған сәйкес барлық айыпталушы кінәлі деп танылған.

Замирбек Раманқұлов пен Кубаныч Токонұлы 6 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Ажықабыл Рысбайұлы, Сыймық Молдосариев және Орузбек Нұрымбетов 7 жылға бас бостандығынан айырылған.

Сот барлық айыпталушыдан 100 мың сом моральдық және материалдық шығын өндіріп алды.

Фото: 24.kg

Еске салайық, Бішкекте Айзада есімді 5 сәуірде бірнеше ер адам ұрлап әкеткен. Ұрлау сәті бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Алайда Айзаданы полиция қызметкерлері емес, далада жүрген шопан тапқан. Алдын ала мәлімет бойынша, күдікті онымен сөзге келіспей, қылғындырып, артынша өз-өзіне қол жұмсаған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети