24 қазан 2022 17:03

Бішкектегі митинг: шерушілер петицияға қол қойды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры видео кадры

Бішкекте Кемпір-Абад су қоймасын беруге қарсы митинг өтті. Шерушілер Ала-Тоо алаңына жетіп, онда су қоймасын беруге қарсы петицияға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24kg сайтына сілтеме жасап.


Бішкекте Кемпір-Абад су қоймасын беруге қарсы митинг өтті. Шерушілер Ала-Тоо алаңына жетіп, онда су қоймасын беруге қарсы петицияға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24kg сайтына сілтеме жасап.

Жиын барысында қатысушылар су қоймасын Өзбекстанға беру туралы шешімнің күшін жоюға шақырған баннерлер көтергені хабарланды. Сондай-ақ, жиналғандар бұрын қамауға алынған белсенділерді босатуды және саяси қудалауды тоқтатуды талап етті.

"Кемпір-Абад біздікі, қуғын-сүргін тоқтасын!" - деп ұрандады қатысушылар.

Бейбіт шерудің негізгі талаптары:

  • Кемпір-Абад су қоймасы мен оның аумағы Қырғызстанның балансында қалуы керек.
  • Кемпір-Абад су қоймасын айырбастау, делимитациялау және демаркациялау мәселелері мен жұмысы тоқтатылуы керек. Келісімді ратификациялау тоқтауы керек.
  • Делимитация және демаркация жөніндегі мемлекеттік комиссияны қайта құру керек.
  • Делимитация және демаркация мәселелері бойынша хаттамалар түгендеуге жатады және олар жалпыға бірдей жариялануы тиіс.
  • Саяси қудалауды дереу тоқтату керек.

Құжат президент әкімшілігіне, Жогорку Кенеш пен министрлер кабинетіне ұсынылады деп жоспарланған. Акцияға 200-ден 300-ге дейін адам қатысқаны айтылды.

Еске салайық, 2022 жылдың 22 қазанында Кемпір-Абад су қоймасын қолдау комитеті құрылған болатын. Оның құрамына белсенділер, саясаткерлер мен депутаттар кірді. Сол күні "Кабар" агенттігіне берген сұхбатында президент Садыр Жапаров: билікте Кемпір-Абадтағы митингілер мен шерулер артында кім тұрғаны туралы ақпарат барын мәлімдеді. 23 қазанда жаппай тұтқындаулар басталды.

Бішкек қаласы мен Шу облысы аудандарында 21 адам УҰИ-ға қамалды. Парламенттің экс-депутаты Қанат Исаев та бір айға СИЗО-1 абақтысына қамалды.

Олардың үйлерінде тінтулер жүргізіліп, кейін белсенділер мен саясаткерлерге қатысты қамауға алу туралы қаулылар шығарылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети