Бішкектегі ұшақ апатынан қаза тапқандардың саны 20-ға жетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бішкектегі ұшақ апатынан қаза тапқандардың саны 20-ға жетті

Бішкектегі "Манас" әуежайының маңында Boeing 747 апатынан 20 адам қаза тапты, - деп хабарлайды РИА Новости Қырғызстанның ТЖМ өкілдеріне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бішкектегі "Манас" әуежайының маңында Boeing 747 апатынан 20 адам қаза тапты, - деп хабарлайды РИА Новости Қырғызстанның ТЖМ өкілдеріне сілтеме жасап. 

Түрік әуе желісінің Boeing 747 жүк тасымалдайтын ұшағы (Гонконг-Бішкек рейсі) Бішкек түбінде бүгін, дүйсенбіде таңғы уақытта апатқа ұшырады. Қырғызстан ТЖМ мәліметінше, ұшақ әуежай әуежай маңындағы саяжай ауданына құлаған. Оқиға салдарынан екі үй өртенген. Оқиға орнында өрт шығып, өртсөндірушілер жұмыс істеп жатыр. 

"Алдын ала мәлімет бойынша, 15-ке жуық тұрғын үй құлаған, онда 20 адам қаза тапты", - деді ТЖМ өкілі.

Еске салайық, оқиға "Манас" әуежайында 16 қаңтарда жергілікті уақыт бойынша шамамен сағат 07.30-да болған. Апатқа ұшыраған жүк ұшағының Turkish Airlines әуе компаниясының иелігінде екені анықталып отыр. Ал кейінірек Бішкек түбінде құлаған ұшақтан кем дегенде 16 адамның қаза тапқаны хабарланды. Агенттік Қырғызстанның денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап, қазіргі уақытта құтқарушылардың пилоттың және 15 жергілікті тұрғынның денесін тапқанын хабарлаған еді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети