20 қазан 2017 09:42

"Бұл ол емес": Трамп өз әйелін алмастырып қойды деп айыпталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© twitter.com/JoeVargas © twitter.com/JoeVargas

Желі қолданушылары АҚШ президенті ел ішіндегі іссапарларда Меланьяның егізі жүреді деп болжады, - деп хабарлайды Daily Mail.


Желі қолданушылары АҚШ президенті ел ішіндегі іссапарларда Меланьяның егізі жүреді деп болжады, - деп хабарлайды Daily Mail.

Вирус твитті бірінші болып Joe Vargas есімді қолданушы жариялады. Ол АҚШ президентінің Пуэрто-Рикодағы жағдайға қатысты мәлімдеме жасаған үндеуінен үзінді жариялады. Видеода Меланья Трамп та бар, блогер оған "жасанды" деген баға берді. 

"Бұл Меланья емес. Мен олардың бізді ақымақ санап, сол адамды АҚШ-тың бірінші ханымы деп ойласын дегеніне таңым бар. Тағы қандай өтіріктер шығар екен?", - деді ол.  

Кейбір пікір қалдырушылар президенттің жары мен суреттегі әйелдің бір адам екенін жазған, алайда Варгас олардың пікірін қабылдаудан бас тартты. Өз ойының растығын дәлелдеу мақсатында ол бірнеше фото жариялап, Трамптың жанында жүрген әйелдің Меланья еместігін жазды. 

Блогерді қолдаушылар "өтірік Меланьяның" мұрын кескініне және бетін жауып тұрған көзілдірікке назар аударған. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети