02 тамыз 2018 10:34

Бульдозер 5,5 миллион доллар тұратын 76 көлікті қиратты

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған сурет Видеодан алынған сурет

Филиппин президентінің бұйрығымен бульдозер 76 қымбат автомобиль мен мотоциклді жойды. Бұл елдегі парақорлыққа қарсы жүргізілген шара аясында жасалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Филиппин президентінің бұйрығымен бульдозер 76 қымбат автомобиль мен мотоциклді жойды. Бұл елдегі парақорлыққа қарсы жүргізілген шара аясында жасалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

CNN арнасының хабарлауынша, Филиппин президенті Родриго Дютерте өз компаниясында парақорлыққа қарсы шара аясында 5,5 миллион доллар тұратын автомобиль мен мотоциклдің жойылуына қарап тұрған. Видеода 76 автокөлікті мыжып жатқан бульдозер көрсетілген, олардың қатарында Lamborghini, Mercedes-Benz және Porschе көліктері де бар. Көлік құралдары елге заңсыз кіргізілген деп хабарлады арна үкіметтің мәлімдемесіне сілтеме жасап. 

"Мен мұны жасау себебім, біз әлемге елімізде инвестиция мен бизнес үшін өмірге қабілетті жер бар екенін көрсетуіміз керек. Бұл біздің эконамикамыз бар және нәтижелі жұмыс істейтінімізді көрсететін жалғыз жол", - деп хабарлады Motor1 президент сөзін келтіріп. 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети