Бүлік кезінде 200-ге жуық адам қаза тапты - Түркия қарулы күштерінің Бас штабы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүлік кезінде 200-ге жуық адам қаза тапты - Түркия қарулы күштерінің Бас штабы © REUTERS/ Huseyin Aldemir

Түркияда әскери төңкеріс жасамақ болған кезде 40-тан астам полицей қаза тапты, - деп хабарлайды "НТВ" Түркия қарулы күштерінің Бас штабына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркияда әскери төңкеріс жасамақ болған кезде 40-тан астам полицей қаза тапты, - деп хабарлайды "НТВ" Түркия қарулы күштерінің Бас штабына сілтеме жасап.

Әскерилердің мәліметі бойынша, бүлікшілерді басу кезінде қазіргі атқарушы билікке қарсы шыққан 104 әскери қызметкер қаза тапқан. Сонымен қатар, қазіргі атқарушы биліктің жағында болған екі әскери мен 47 бейбіт тұрғын қаза тапқан.

Жарақат алғандар саны 1100 адамға жеткен. 1600 бүлікші ұсталған.

Еске салайық, 15 шілдеде Түркияда әскерилер мемлекеттік төңкеріліс жасауға әрекеттенді. Атыстар туралы бірінші хабар Астана уақыты бойынша 01.00-де жеткен. Халықаралық агенттіктердің мәліметінше, Анкарада атыстар естілген, қала үстінде жойғыш ұшақтар мен тікұшақтар ұшып жүр, ал Ыстамбұлдағы әуежайға танктер жеткізілген. 

Анкара қаласында бүлікшілер Түркия парламентінің ғимаратына, Türksat ғимаратына, Гёльбаши ауданындағы полиция академиясына әуе соққысын жасаған. Оқиғаның хронологиясын мына жерден оқи аласыздар.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети