Түркияда әскери төңкеріс жасамақ болған кезде 40-тан астам полицей қаза тапты, - деп хабарлайды "НТВ" Түркия қарулы күштерінің Бас штабына сілтеме жасап.
Түркияда әскери төңкеріс жасамақ болған кезде 40-тан астам полицей қаза тапты, - деп хабарлайды "НТВ" Түркия қарулы күштерінің Бас штабына сілтеме жасап.
Әскерилердің мәліметі бойынша, бүлікшілерді басу кезінде қазіргі атқарушы билікке қарсы шыққан 104 әскери қызметкер қаза тапқан. Сонымен қатар, қазіргі атқарушы биліктің жағында болған екі әскери мен 47 бейбіт тұрғын қаза тапқан.
Жарақат алғандар саны 1100 адамға жеткен. 1600 бүлікші ұсталған.
Еске салайық, 15 шілдеде Түркияда әскерилер мемлекеттік төңкеріліс жасауға әрекеттенді. Атыстар туралы бірінші хабар Астана уақыты бойынша 01.00-де жеткен. Халықаралық агенттіктердің мәліметінше, Анкарада атыстар естілген, қала үстінде жойғыш ұшақтар мен тікұшақтар ұшып жүр, ал Ыстамбұлдағы әуежайға танктер жеткізілген.
Анкара қаласында бүлікшілер Түркия парламентінің ғимаратына, Türksat ғимаратына, Гёльбаши ауданындағы полиция академиясына әуе соққысын жасаған. Оқиғаның хронологиясын мына жерден оқи аласыздар.