04 ақпан 2022 15:53

БҰҰ Ауғанстан банкіндегі миллиондаған долларды пайдалана алмады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Ауғанстандағы ауған банкінде шамамен 135 миллион доллары бар, бірақ оны пайдалана алмайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.


Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Ауғанстандағы ауған банкінде шамамен 135 миллион доллары бар, бірақ оны пайдалана алмайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл туралы БҰҰ Даму бағдарламасының Ауғанстандағы басшысы Абдалла әл-Дардари мәлімдеді.

"БҰҰ АҚШ долларын елге алып келіп, оларды Ауғанстанның халықаралық банкіне сақтауға қойды, орталық банктің қолма-қол ақша автоматты түрде ауған валютасына айырбасталады деген нақты уәдесі болған. Бірақ бұл орындалған жоқ", - деді Дардари.

Оның айтуынша, Ауғанстанның Орталық банкіндегі миллиондаған доллар халықаралық көмекті елдегі тұтынуға айырбастауға ауған валютасы жетпейді.

"Біз Ауғанстанның халықаралық банкіндегі 30 миллион долларымызды ауған валютасына айырбастағымыз келді, бірақ бұл мүмкін емес болып шықты. Жергілікті валютасыз біз Ауғанстандағы жоспарларымызды жүзеге асыра алмаймыз", - деді Дардари.

Дардари сонымен бірге экономикада шамамен, 4 миллиард доллар ауған валютасы болғанымен, айналымда бар болғаны 500 миллион доллар жүргенін айтты.

Агенттіктің хабарлауынша, БҰҰ мен Дүниежүзілік банк гуманитарлық операциялар үшін қолма-қол ақшаны шетелдегі механизмге енгізуге мүмкіндік беретін ықтимал айырбастау механизмін талқылап жатыр. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети