15 наурыз 2022 11:39

БҰҰ бас хатшысы ядролық қақтығыс туралы айтты

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерриш ядролық қақтығыстың ықтималдығы туралы ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.


Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерриш ядролық қақтығыстың ықтималдығы туралы ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Украинадағы қақтығыс аясында Ресей ядролық күштерінің дайындық деңгейін көтерді. Осыдан кейін БҰҰ басшысы мәлімдеме жасады. Гутерриш мұны "оқиғаның жанды жабырқататын тұсы" деп атады.

"Бір кездері елестету мүмкін болмаған ядролық қақтығыстың келешегі тағы да ықтимал болды", - деді БҰҰ Бас хатшысы және Украинадағы соғыс қимылдарын дереу тоқтатуға шақырды.

©REUTERS

Гутерриш Ресей әскерінің басып алуынан кейін Украинадағы Запорожье атом электр станциясында тұтанған өрттен кейін ядролық нысандар қауіпсіздігін сақтауға шақырды.

"Украина халқына қарсы жасалған сұмдықты тоқтатып, дипломатия мен бейбітшілік жолына түсетін уақыт келді", - деп түйіндеді БҰҰ Бас хатшысы.

Ресей мен АҚШ ядролық қарудық ең үлкен арсеналына ие екені айтылды.

Еске салайық, Ресей президенті Владимир Путин ресейлік тежеу күштерін арнайы жауынгерлік кезекшілік режиміне көшіруді бұйырған болатын. Мемлекет басшысының айтуынша, мұндай шешім НАТО жетекшілерінің агрессив мәлімдемелеріне жауап.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети