19 сәуір 2020 15:00

БҰҰ ер адамдарды карантинде әйелдерге үй шаруасын жасауға көмектесуге шақырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бірікке ұлттар ұйымы карантин жағдайында ер адамдар көбейген үй шаруасының ауыртпалығын әйелдермен бөлісуі тиіс деп санайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Бірікке ұлттар ұйымы карантин жағдайында ер адамдар көбейген үй шаруасының ауыртпалығын әйелдермен бөлісуі тиіс деп санайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"COVID-19 пандемиясына байланысты үйде оқшауланып отырғанда көптеген әйел "қашықтан" немесе ауруханалар мен дүкендерде ғана жұмыс істеп қоймай, сонымен қатар үй тазалауға, кір жуып, тамақ дайындау, балаларды тамақтандыру, олармен ойнау немесе қарт туыстарына қарауға тура келеді. Бұл көптеген отбасындағы әйел мен қыздардың мойнына артылатын үй шаруасының толық тізімі емес. БҰҰ ер адамдарды осы әділетсіздікті болдырмауға шақырады", - делінген хабарламада.

Ұйым ер адамдарды, жасөспірімдер мен жігіттерді үй міндеттерінің бір бөлігін өзіне алуға кеңес берді.

"COVID-19 пандемиясынан бүкіл әлемде миллиондаған адам оқшауланып отыр. Бұл жағдайда гендерлік теңсіздік одан әрі айқын көріне түсті. Осы күндері әйелдер төленбейтін үй шаруасын ерлерге қарағанда үш есе көп орындап жатыр. Сонымен қатар, олар коронавируспен күресте, алдыңғы қатарда тұрғандар саналады. Себебі денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет саласында 70 пайыз  әйелдер қызмет атқарады", - деп атап өтті БҰҰ өкілдері.

БҰҰ әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту үшін негізін қалаған HeForShe At Home кампаниясы ерлерді үй міндеттерінің ауыртпалығын теңестіру қажеттігін айтады. Ұйым ерлерді әйеліне көмектесудегі тәжірибесін, ыдыс жуып, балаға қарасқандары туралы әңгімесін бөлісуге шақырады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Sanjar Madi • Санжар Мади (@sanjar.madi)

"Жігіттер, әлеуметтік желілерде тәжірибе бөлісіп, басқаларды шабыттандырыңыздар. #HeForShe AtHome хештегін қолданыңыз", - дейді БҰҰ өкілдері.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети