22 желтоқсан 2017 08:55

БҰҰ Иерусалимді Израиль астанасы деп танудан бас тартты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS/Ibraheem Abu Mustafa © REUTERS/Ibraheem Abu Mustafa

БҰҰ Бас ассамблеясы АҚШ-тың Иерусалимді Израиль астанасы деп таныған шешіміне қатысты резолюция қабылдады. Құжатқа қол қою үшін 128 елдің өкілдері дауыс берді, тоғыз ел қарсы болды, ал 35 ел қалыс қалды, - деп хабарлайды РИА Новости.


БҰҰ Бас ассамблеясы АҚШ-тың Иерусалимді Израиль астанасы деп таныған шешіміне қатысты резолюция қабылдады. Құжатқа қол қою үшін 128 елдің өкілдері дауыс берді, тоғыз ел қарсы болды, ал 35 ел қалыс қалды, - деп хабарлайды РИА Новости.

АҚШ, Израиль, Гватемала, Гондурас, Маршаллов аралдары, Микронезия, Науру, Палау, Того сынды мемлекеттер резолюцияға қарсы шықты. Аргентина, Бенин, Канада, Хорватия, Латвия, Мексика, Румыния - қалыс қалды. Соның ішінде 20 мемлекет мүлдем дауыс беруге қатысқан жоқ. 

Осыған дейін Дональд Трамп АҚШ-тың Иерусалимді Израиль астанасы ретінде санайтын шешіміне қарсы шыққан мемлекеттерге ендігіде АҚШ тарапынан қаржылай көмек көрсетілмейтінін айтқан. 

Қабылданған құжатқа сәйкес, "Қасиетті Иерусалим қаласының статусын өзгеру туралы кез келген шешімдер мен әрекеттер негізсіз болып, жоққа шығарылу тиіс". 

Еске салайық, желтоқсанның басында Трамп Иерусалимді Израиль астанасы ретінде қабылдау туралы құжатқа қол қойған. Америкалық саясаткердің шешімін құп көрген израильдіктер бөріктерін аспанға атты, алайда бүкіл әлем тұрғындары бірінші кезекте Таяу Шығыс пен Палестина халқы бұған наразы болды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 445.66   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети