1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Жаһан

БҰҰ коронавирус пандемиясынан кейінгі әлемнің екі сценарийін атады

БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш шведтік Aftonbladet басылымында коронавирус пандемиясынан кейін әлемді күтетін екі сценарий туралы айтты, - деп хабарлайды "Хабар24".

Біріншісі - оптимистік сценарий, ол әлем елдерінің қазіргі жағдайды жеңе алатындығын білдіреді дейді. Солтүстіктегі мемлекеттер қалпына келтіру жоспарын жасайды, ал дамып келе жатқан елдерге көмек көрсетіледі.

Гутерриш, сонымен қатар, коронавирусқа қарсы вакцина тоғыз ай ішінде пайда болып, бәріне қолжетімді болады деген үмітін білдірді. Оның пікірінше, егер әлемдегі жағдайлар осы бағытта дамып, экономика қалпына келсе, онда әлем екі-үш жыл ішінде қалыпты жағдайға оралу бағытында жұмыс жүргізе бастайды.

Сонымен бірге, БҰҰ бас хатшысы егер әлем елдері пандемияға қарсы іс-қимылдарды дұрыс үйлестірмесе, "пессимистік" сценарий болатыны туралы да ескертті. Ондай жағдайда вирустың жаңа ошақтары пайда болып, дамушы елдердегі жағдай нашарлайды. Вакцина бойынша жұмыстар да кешіктірілуі немесе ол үшін үлкен бәсекелестік басталып, экономикалық мүмкіндіктері бар елдердің азуында кетуі мүмкін.

"Егер бұл сценарий орындалса, сегрегация, популизм және ксенофобия қалай өсіп жатқанын көреміз", - делінген мақалада.

БҰҰ бас хатшысының айтуынша, жаһандық қиындықтарды тек жаһандық басқарудың күшті институттарының және халықаралық ынтымақтастықтың көмегімен ғана жеңуге болады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!