06 ақпан 2014 14:06

БҰҰ Олимпиада кезінде соғысты тоқтатуды сұрады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Пан Ги Мун. ©РИА Новости Пан Ги Мун. ©РИА Новости

БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун әлем жұртшылығын Олимпиада кезінде соғыстарды тоқтатуға шақырды деп хабарлайды Tengrinews.kz "Интерфакс" агенттігіне сілтемемен. 6 ақпан күні Олимпиаданың халықаралық комитетіне үндеу жасаған БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун әлем жұртшылығын "олимпиадалық бітімге" келуге шақырды. "Мен соғысушы тараптарды Олимпиада ойындары кезінде қаруды тастай тұруға шақыратынымды тағы-тағы қайталаймын", - деп мәлімдеді ол. Өз сөзінде Пан Ги Мун әңгіменің Сирия, Орталық Африка Республикасы, Оңтүстік Судан елдеріндегі қақтығыстарға қатысты екенін білдірді. Бас хатшының айтуынша, бұл ымыраласу азап шегуші халықтар өмірін құтқарып қалатын гуманитарлық көмекті еркін жеткізуге мүмкіндік бермек. Бұған дейін БҰҰ Бас хатшысы Сирияда жанжалдасушы тараптардың қай-қайсысының да халықаралық құқық пен гуманитарлық заңнмаларды аяқ асты еткенін сынға алған еді. Ол Сирия мәселесіне арналған "Женева-2" бейбіт конференциясында сол елден келген делегацияға жанжалды реттеуге және гуманитарлық көмекке мұқтаж барлық адамның қолын жеткізуге жағдай жасауды ескерткен болатын. Пан Ги Мун бейбіт жағдайда өткізуге кеңес беріп отырған Сочи Олимпиадасы ақпанның 7 күні салтанатты жағдайда ашылып, 23 ақпанға дейін созылады. Бұл Ойындарға дүниежүзінің 88 мемлекетінен 2800 спортшы қатысады. Олимпиаданың ашылу салтанатын тамашалауға өзге мемлекет басшыларымен бірге ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев та барады. Бұл - ТМД елдерінде өтіп отырған тұңғыш Қысқы Олимпиада.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети