23 қараша 2017 13:06

"Біз сізді әлі де түсіне алар емеспіз". Қазақстандық Атамбаевқа видеоүндеу жолдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Әлеуметтік желілерде қазақстандық жігіттің Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевқа жолдаған видеоүндеуі таралып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Әлеуметтік желілерде қазақстандық жігіттің Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевқа жолдаған видеоүндеуі таралып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Ассалаумағалейкүм, құрметті қазақ-қырғыз бауырлар. Қырғызстаннан жақсы жігіттер видео жіберіп жатыр. Мен болсам бұл видеоны Қырғызстан президенті Атамбаев мырза тыңдайды деген оймен жазып жатырмын. Бізде сөз бар: "біреуге тәтті өтірік ұнайды нақ, біреуге ащы шындық шырайлырақ". Шынына келгенде, мен және Қырғызстандағы достарым сізде әлі де түсіне алар емеспіз. Қазақ пен қырғыз тарихы ортақ, бауырлас халық екені барлығымызға мәлім шығар", - деді жігіт видеода.

Сондай-ақ, ол қырғыз жазушысы Шыңғыс Айтматовтың қазақ жеріндегі беделі жайлы айтып өтті.

"Ежелгі кезден бірге қылыш қосып, жоңғарларға қарсы соғысқанымыз, Ұлы Отан соғысы кезіндегі Панфилов дивизиясы қазақ пен қырғыз бауырлардан құралды емес пе? Шыңғыс Айтматов ағамыздың қазақ жеріндегі беделін өзіңіз де білетін шығарсыз", - деді ол.

"Сонша жыл президент бола тұрып, кететін кезде бір-бірінен қыз алып, бауыр болған халықтың ортасына балта салып отырғаныңыз мен үшін түсінікті болмай тұр. Егер әр қазақ, әр қырғыз баласы татулық болсын десе осындай видео жазып, бір-біріміздің достығымызды көрсетейік. Менің ойымша, бұл жақсы идея. Амандықта кездескенше, бауырлар", - деген автор видеоның соңында.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети