29 қыркүйек 2020 09:24

Біздің әлем қорқынышты межеге жетті - БҰҰ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: © Reuters Фото: © Reuters

Джонс Хопкинс университетінің мәліметінше, әлемде коронавирустан қайтыс болғандар саны 1 миллионнан асты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Джонс Хопкинс университетінің мәліметінше, әлемде коронавирустан қайтыс болғандар саны 1 миллионнан асты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

29 қырқүйек, таңертеңгі мәліметке сәйкес, COVID-19 вирусынан көз жұмғандар саны 1 000 555-ке жетті.

БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерреш бұл көрсеткіштің өте жоғары екенін атап өтті.

"Біздің әлем қорқынышты межеге жетті: COVID-19 пандемиясы миллион адамның өмірін қиды. Бұл жағаұстатар көрсеткіш", - деді бас хатшы.

Оның айтуынша, вирустың таралуы әлемге орны толмас зардап әкелген.

"Біз бұл қиындықты еңсере аламыз. Қатеден сабақ алуымыз керек. Басқару кезінде жауапкершілік болуы шарт. Ғылым мен ынтымақтастық та маңызды", - деді Гутерреш.

Сонымен қатар, ол коронавирусқа қатысты тараған жалған ақпарат та адамдарды өлтіретінін атап өтті. Оның пікірінше, адамдар вакцина алғанға дейін арақашықтықты сақтап, маска тағып, қол жуып жүруі керек.

Сондай-ақ, ДДҰ Денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайлар бағдарламасының директоры Майкл Райан әлемдегі коронавирустан қайтыс болғандар саны ресми деректен төмен болуы мүмкін екенін айтады.

"Сіздерді сабырға шақырғым келеді. Елдер жазатайым оқиғалар немесе басқа ауруларды COVID-19-ға жатқызбайтын шығар. Есептер нақты болмауы мүмкін. Әрине бұл сандар барлық жағдайды (коронавирустан адам өлімін - ескерту) қамтымайды деп болжам жасауға болады", - дейді Райан.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети